Кешігіп қалуыңыз мүмкін Алматыдан ұшатын жолаушыларға мұқият болу ескертілді

21.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жолаушыларға әуежайға барар жолда кептеліс болуы мүмкін екені ескертілді. Бұған әуе айлағы маңындағы көлік кептелісі мен Майлин көшесінің бір бөлігінде жоспарланған жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Жөндеуге байланысты қозғалыс бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Рекдакциямыздың WhatsApp нөміріне әуежай маңында көлік қозғалысы қиындағанын айтқан оқырман хабарласты. Оның сөзінше, әуе айлағына барар жолда үлкен кептеліс пайда болып, жолға әдеттегіден көп уақыт кетеді.

"Қазір әуежай маңында көлік қозғалысы өте тығыз, машиналар баяу жүріп жатыр. Рейске кешікпеу үшін ертерек шыққан дұрыс", - дейді оқырман.

Алматы әуежайы маңындағы кептеліс. Фотоны оқырман жіберді

Өзге жүргізушілердің айтуынша, әуежай маңындағы жол кептелісі жоғары деңгейге жеткен. Сондықтан жолаушылардан ұшуға шығар кезде жолдағы ахуалды алдын ала ескеру сұралады.

Алматы әуежайы маңындағы кептеліс. Фотоны оқырман жіберді

Әуежай өкілдері не дейді?

Әуежай мәліметінше, 21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін Майлин көшесінің батыс жағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Шектеу № 9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыс кезінде көшенің қарама-қарсы бетінде реверсті қозғалыс ұйымдастырылады.

"Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеріп, кешікпеу үшін жүретін бағыт пен әуежайға жету уақытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабарлады әуежай.

Жолаушылар нені ескеруі керек?

Жөндеу жұмыстарына байланысты учаскедегі қозғалыс тәртібі уақытша өзгереді, сондықтан әуежайға дейінгі үйреншікті жол көбірек уақыт алуы мүмкін. Жолаушыларға жолдағы жағдайды алдын ала бағамдап, қосымша уақыт бөлу ұсынылады.

Бұл әсіресе ұшу уақыты таяғанда ғана жолға шығатындар үшін маңызды: жолдағы кідіріс терминалға келу уақытына әсер етуі мүмкін.

Жөндеу жұмыстары 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін жалғасады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью