“Кешірші, өтінемін“: қыздың соққыға жығылған видеосына қатысты тосын пікір айтылды

03.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әлеуметтік желіде ер адам әйелді ұрып жатқан сәті бейнеленген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ер адам әйелді ұрып жатқан сәті бейнеленген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода жәбірленушінің бет-аузы қан екені көрінеді. Бұдан бөлек, тағы бір ер адамның пікір білдіріп жатқаны естіледі. Онда қыз біреуді алдағаны да айтылған.

Бұл дерекке полиция пікір білдірді. Оқиға Павлодар облысында болған.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео бойынша тексеріс жүргізілген. Оқиғаға қатысы барлар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, видеоны қыз таныстарымен келісіп, түсірген. Тіпті өзі ұйымдастырғаны айтылады. Дегенмен "қойылым" барысында нақты заңға қайшы әрекеттердің болғаны да анықталған.

Екі ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімі шыққанға дейін олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, қыздың бұған дейін сотталғаны, оның ішінде алаяқтық бойынша да жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Соған қарамастан, видеоны түсіру себептері мен оның "қойылым" болған-болмағанына тәуелсіз түрде, денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның себептері, келтірілген зиянның деңгейі және әр қатысушының рөлі анықталады. Оқиғаға қатысқандардың да, видеоны таратқан тұлғалардың да әрекетіне құқықтық баға берілетіні айтылды.

Айта кетейік, расталмаған деректерде қызды есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылады. Сондай-ақ, видео оны "жазалау" ретінде көрсету және ықтимал қысымнан құтылу мақсатында түсірілген болуы мүмкін деген де пікір бар. Алайда бұл нұсқаны құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью