Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Көптеген қызметкер үшін жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін қалып жұмыс істеу немесе демалыс күндері кеңсеге шығу үйреншікті жағдайға айналды. Дегенмен, үстеме жұмыс уақыты үшін қосымша ақы төленуі тиіс. Сонымен қатар қызметкер бас тартуға құқылы емес жағдайлар да бар. Толығырақ – Tengri Life материалында.
Қызметкердің келісімі қашан талап етілмейді?
Жұмыс беруші қызметкерді үстеме жұмысқа тек оның жазбаша келісімімен ғана тарта алады. Бұл Қазақстан Еңбек кодексінің 77-бабында қарастырылған. Бұл туралы Tengri Life-қа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Шәкенов айтып берді.
Еңбек кодексінің 77-бабына сәйкес, жұмыс беруші айрықша жағдайларда қызметкерді үстеме жұмысқа оның келісімінсіз тартуға құқылы.
Бұған мына жағдайларда жол беріледі:
елдің қорғанысына байланысты жұмыстарды орындау кезінде; төтенше немесе соғыс жағдайы кезінде; төтенше жағдай жарияланған кезде; табиғи апаттардың және өндірістік апаттардың алдын алу үшін; төтенше жағдайлардың, өндірістік апаттардың және табиғи апаттардың салдарын жою үшін; шектеу шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде; егер мұндай шешімді мемлекеттік органдар немесе олардың лауазымды тұлғалары қабылдаса.Тағы бірнеше жағдай бар:
егер тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің – мысалы, электр қуаты, жылыту, газ немесе сумен жабдықтау жұмысын шұғыл қалпына келтіру қажет болса; егер ауысымдағы қызметкер жұмысқа шықпай қалса, ал жұмысты тоқтатуға болмаса; егер адамға шұғыл көмек қажет болса және бұған оның денсаулығы немесе өмірі байланысты болса. Қандай шектеулер бар?Сондай-ақ заңда үстеме жұмыстың ұзақтығы бойынша да шектеулер бар:
бір күн ішінде қызметкерді екі сағаттан артық үстеме жұмысқа тартуға болмайды; ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтіндер үшін бұл шек бір сағатты құрайды.Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасында үстеме жұмыс айына 12 сағаттан аспауы тиіс. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде үстеме жұмыстың шекті ұзақтығы жылына 120 сағатты құрайды.
Кімдерді үстеме жұмысқа тартуға болмайды?Заң бойынша үстеме жұмысқа тартуға болмайтын қызметкерлер санаттары бар:
жүктілігі туралы анықтама ұсынған жағдайда, жүкті әйелдер; кәмелетке толмағандар; мүгедектігі бар жандар. Үстеме жұмыс уақыты үшін қашан төленуі керек?Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес, жұмыс беруші іс жүзінде жұмыс істелген уақыттың есебін жүргізуге міндетті. Үстеме жұмыс сағаттары, түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс, сондай-ақ іссапар уақыты бөлек тіркелуі тиіс. Мұндай есепке алудың нысаны мен тәртібін жұмыс беруші өз бетінше айқындайды және өз актісімен бекітеді.
Жұмыс ауысымдары арасында қызметкерге кемінде 12 сағаттық демалыс берілуі тиіс.
Үстеме сағаттар үшін қосымша ақы төленуі тиіс.
Еңбек кодексінің баптарына сәйкес, үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс, сондай-ақ түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты күндік немесе сағаттық ставканың кемінде бір жарым есесі мөлшерінде төленеді.
Егер еңбекақы кесімді болса, үстеме жұмыс үшін қосымша ақы күндік немесе сағаттық ставканың кемінде 50 пайызын құрауы тиіс.
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені немесе уақытша болмаған қызметкерді алмастырғаны үшін қызметкерге қосымша төлем беріледі. Оның мөлшері жұмыс көлемін ескере отырып, жұмыс берушімен келісім бойынша белгіленеді.
Жұмыс берушімен келісім бойынша үстеме жұмысты демалыс уақытымен өтеуге болады: артық жұмыс істелген әрбір сағат үшін кемінде бір сағат демалыс беріледі.
Түнгі уақыттағы жұмысЕңбек кодексінің 76-бабына сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт түнгі уақыт болып саналады.
Түнгі уақыттағы жұмысқа мына адамдар жіберілмейді:
18 жасқа толмаған қызметкерлер; жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама ұсынған жүкті әйелдер.Мүгедектігі бар қызметкерлер түнгі уақытта тек олардың жазбаша келісімімен және егер мұндай жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса ғана жұмыс істей алады.
Жазбаша келісімінсіз мына адамдарды түнгі жұмысқа тартуға болмайды:
7 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді; анасыз 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалар; 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер.Жұмысқа кешіккені, жұмыс орнында телефон пайдаланғаны немесе жетіспеушілік үшін айыппұл салу – Қазақстандағы кейбір компаниялардың қызметкерлері осындай жағдайларға жиі тап болады. Tengri Life Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінен жұмыс берушінің жалақыдан ақшаны нақты қай кезде ұстап қала алатынын, ал қай жағдайда мұндай өндіріп алулар заңсыз екенін білді. Толығырақ осы жерден оқи аласыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу