Кетбұқа сұлтанның теңгесі

20.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қарапайым оқырман Кетбұға жырау мен Кетбұқа (Хэтбуха) сұлтанды ажырата білмейді. Бір жағынан бұған сын жоқ. Өйткені шығыстанушы тарихшылар екі тарихи тұлға хақында жеке-жеке айырып, түсіндірме жасаған жоқ.

Атақты Доспамбет жыраудың «Кетбұғадай билерден, Кеңес сұрар күн қайда?» дейтін жырда немесе ХIV ғасыр мұрасы «Шаджарат әл-атрак» атты кітапта: «Теңіз бастан былғанды, кім тұндырар, а, ханым, Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, а, ханым» деп, Жошының өлімін естіртетін найман Кетбұға жырау бір басқа. Бұл кісі шамамен 1150 – 1225 жылдары өмір сүргені туралы дерек бар.

Ал мына күміс теңгені соқтырған Кетбұқа басқа адам. Бұл тұлға туралы қолдағы бар дерекке үңілсек, моңғол шерігі 1260 жылы Айн Жалут шайқасында мамлюктерден ойсырай жеңілген тұста біз сөз етіп отырған Кетбұқа Шам жерінде мысырлықтардың қолына түседі. Тарихшылар бұл адамның шыққан тегі ойрат тұқымдас дейді.

Кетбұқаны құл базарынан Қалауын сұлтан сатып алып, баласы әл-Ашраф Халилге сыйлайды. Уақыт өте ерлігі елден ерек тұтқын хан баласының жақын серігіне айналады. 1290 жылы Қалауын дүние салып, Мысыр билігі Халилдің қолына өтеді. Бірақ 1293 жылы қыста Халил сұлтан бүлікші Байдараның қолынан қаза табады. Байдара таққа отырып үлгермей Кетбұқаның қолынан өлім құшады. Кетбұқа бұрынғы иесі Халил сұлтанның сегіз жасар баласы Мұхамедті таққа отырғызады.

Кешікпей тақ таласына сойқан тартыс басталады. Бұл тартыста Кетбұқа жеңіске жетіп, 1294 жылы таққа отырады. Патшалығының белгісі ретінде алтын, күміс теңге соқтырады. Теңгенің өң бетіне араб әрпімен «al-Malik al-Adil Zayn-ad-Din Kitbugha Ben Abd-Allah al-Mansuri al-Turki al-Mughli» деген жазу жазылып, хижраның 694 жылы соғылғаны туралы мәлімет берілген. Бұл дата біздің жыл санау бойынша 1295 жылға дәл келеді.

Бір қызығы, ойрат текті сұлтан тақуа мұсылман болған екен. Сол заман тарихшылары жазған мәліметке жүгінсек, «Кетбұқа мұсылмандар қасиетті санайтын Мекке, Мәдина қаласын сыртқы жаулардан қорғап, пайғамбар Мұхамедтің (с.а.с) ұстанымына адал болған» депті.

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью