Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады

17.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Қайрат» футбол клубының түлегі, ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев алматылық клуб сапындағы соңғы ойынын өткізді. Қоштасу матчында ол қарсылас қақпасына екі гол соғып, жасындай жарқырады.

«Қайраттың» түлегі енді лондондық «Челси» командасына ауысады. Лондондық клуб өткен жылы Дастан Сәтпаевты 4,3 миллион еуроға сатып алған болатын. Тараптар бес жылдық келісімшартқа қол қойған. Оның 2,4 миллион еуросы бірден төленсе, тағы 1,9 миллион еуросы әртүрлі бонустар түрінде төленбек.

«Қайрат» пен «Қызылжар» кездесуіндегі тағы бір голды Исмаил Бекболат соқты. Ал Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы жорығын жоғары деңгейде аяқтады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью