“Кететінін өзі де білмей қалды...”: Асанәлі Әшімовтің жұбайы актердің өмірінің соңғы сәті туралы айтты

08.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Халық әртісі, актер Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова естелік айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Бағдат Әшімова актер өмірден өтер алдында жанында болғанын айтты.

«Үш минут. Соңғы үш минутқа дейін сөйлеп, «Белім ауырып тұр. Кеудеме ауру өтіп тұр. Жатайыншы» деді. Жатқыздым. «Басымды көтерші» деді. Басын көтердім. «Тағы көтерші» деді. Тағы көтердім. Болды. Көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды, кетіп қалатынын. Ойлаған жоқ. Жасанды демалдыру, жүрек массажы бәрін жасадым”, -  дейді Бағдат Әшімова көзіне жас алып.

Еске сала кетейік, кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 2025 жылы желтоқсанда 88 жасында дүние салды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью