Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Әнші Мақпал Жүнісова журналист Аман Тасығанға алғашқы махаббаты туралы сыр шертті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі мектеп кезіндегі алғашқы махаббатын әлі ұмытпағанын айтты. Сонымен қатар оның хаттарын сақтап қойғанын жасырмады.
"Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. 5-сыныпта Қанат деген өте әдемі, сұлу бала болатын. Бірақ сол махаббат маған бұйырмады. "Кетсең де шалғай" әнін Қанатқа арнап, жылап тұрып айтқанмын. Ол кісі қайтыс болды. Сол кезде соның баласы маған хабарласып» «Мақпал апа, мен Қанат Карбузовтың баласы едім. Апа, әкемнің аманаты еді. Қайтыс болғанда Мақпалға айт деген» дейді. Жүрегім дір ете қалды. Баласы маған жеткізіп тұр. Әлі күнде дейін ол кісінің суреттері мен хаттары альбомымда сақтаулы", - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.