Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Адвокат Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық істің тағдырына байланысты көпшілікті қуантқан мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Заңгердің айтуынша, қоғамда түрлі алыпқашпа әңгімелер мен жалған болжамдардың алдын алу үшін істің соңғы нәтижесін ашық жариялау қажет болған.
Мейірман Шекеев істің ұзақ уақытқа созылуына байланысты бұған дейін нақты пікір білдіре алмағанын жеткізді.
Оның сөзінше, тергеу аяқталмай тұрып, ақпарат тарату дұрыс болмаған. "Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, өйткені іс жалғасып жатты.
Десе де, осы аралықта қаншама атқарылған жұмыстардың арқасында, біз бұл нәтижеге қол жеткізе алдық деп ойлаймын.
Иә, мойындау керек, Қаржаубайдың кейбір жаулары біздің үнсіздігімізді Қаржаубай сотталатынға сайып, бағып жүрді.
Алайда бұл істе сол кезде жәбірленуші болған полиция қызметкерлерінің адамгершілігі биік болды.