Кезінде мен де күлгенмін : Данияр Елеусінов ішімдікке әуес екенін мойындады

18.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жазбасы қоғамда қызу талқыға түсті. Ол ішімдікке әуестігі болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл ауруға қалай жолыққанымды білмеймін. Өз басына түспеген адам түсінбейді ғой. Кезінде мен де күлгенмін, түсінбейтінмін. Біреудің басынан өткен жағдайға күлмеу керек. Өйткені Алла Тағала кезінде күлген немесе сынаған нәрсеңді бір күні өз басыңа келтіруі мүмкін", - дейді Данияр Елеусінов.

Еске сала кетейік, биыл 9 шілдеде Астанада Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Танымал боксшы мас кезінде жол апатына түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Сол күні Елеусінов 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласын жеңген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью