Кибер күзетші: Қарағандыда робот ит сынақтан өтіп жатыр

19.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: ІІМ

Заманауи құрылғы бейнебақылау және бейнеталдау жүйелерімен жабдықталған. Ол іздеуде жүрген, хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың деректерін тексере алады. Сонымен қатар робот-ит автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркеп, алынған ақпаратты операторларға жібере алады.

«Сынақ жұмыстары Қарағанды қаласының орталық саябағында өткізіліп, қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды. Тестілеу кезеңінің қорытындысы бойынша технологияның тиімділігі мен одан әрі қолдану мүмкіндігі бағаланады», делінген ІІМ хабарламасында.

 NVIDIA мен LG адам тәрізді роботтар жасайды

Тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істеу үшін робот шаммен, жарық сигналдарымен және дауыс зорайтқышпен жабдықталған. Сондай-ақ ол патрульдеу аумағында әртүрлі жылдамдық режимдерінде қозғала алады.

Еске сала кетейік, министрлік бұған дейін дәл осындай жүйе Ақтауда сынақтан өтіп жатқандығын хабарлаған болатын.  

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью