Киев Starlink ке қойылған шектеулер бойынша АҚШ пен келіссөз жүргізіп жатыр

18.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Киев билігі Starlink спутниктік байланыс терминалдарының жұмысына қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша АҚШ билігімен және SpaceX компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі, байланыс жүйелері және радиоэлектрондық күрес жөніндегі маман Сергей Бескрестнов мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Сәрсенбі күні Украинаның бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Стерненко түнгі уақытта Starlink спутниктік байланыс терминалдарының жұмысына шектеу қойылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, сағатына 160 шақырымнан астам жылдамдықпен қозғалған кезде байланыс үзіле бастаған. Бұл Украина Қарулы күштерінің жұмысына кедергі келтірген. Кейін ол жылдамдық шектеуі сағатына 60 шақырымға дейін төмендетілгенін мәлімдеді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Украина әскери мақсатта пайдаланылатын Starlink спутниктік байланыс қызметіне қойылған жылдамдық шектеуін алып тастау үшін SpaceX компаниясымен және Пентагонмен келіссөз жүргізіп жатыр.

Бескрестнов агенттікке берген сұхбатында Украина билігі SpaceX компаниясының әуе кемелеріне арналған және қосылу жылдамдығына шектеу қойылмаған Starshield байланыс жүйесінің "пакетін" пайдалану немесе қолданыстағы қызметке қойылған шектеулерді алып тастау мүмкіндігін анықтауға тырысып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Украина билігі Пентагонмен, SpaceX компаниясымен және АҚШ үкіметімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Киев Starlink жүйесіне қолжетімділіктен айырылған жағдайда пайдалануға болатын балама байланыс желілерін іздестіруде. Бескрестновтың айтуынша, Украина Amazon компаниясының Leo спутниктік желісін және OneWeb ғаламдық спутниктік интернет жүйесін пайдалануды да қарастырып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью