Киевке берілетін жаңа кредиттің алғашқы бөлігі дрондарға жұмсалады Каллас

13.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Еуродипломатия басшысы Кая Каллас Украинаға берілетін 90 миллиард еуро көлеміндегі жаңа кредиттің алғашқы төлемі ұшқышсыз ұшу аппараттарына бағытталатынын мәлімдеді.

"Украина 90 миллиард көлеміндегі кредиттің алғашқы траншын маусым айында алады. Бұл қаражат тікелей дрондарға жұмсалады", – деді ол Еурокомиссия сайтында тікелей эфирде көрсетілген баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Еуроодаққа мүше елдердің қорғаныс министрлері Украина үшін "Еуропалық бейбітшілік қорындағы" 6,6 миллиард еуроны бұғаттан шығаруды қолдады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью