Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Бұған дейін бес адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Кейін ауруханада алған жарақатынан тағы бір әйел көз жұмды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер саны да артты. Қазіргі мәлімет бойынша, түрлі жарақатпен 14 адам ауруханаға жеткізілген. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Төрт кепілге алынған адам құтқарылды.
Украина Қауіпсіздік қызметі бұл оқиғаны «террористік акт» ретінде тергеп жатқанын мәлімдеді.
Чоловік, який відкрив стрілянину в Києві. Відео з соцмереж pic.twitter.com/BhMkYxjUqy
— Українська правда ✌️ (@ukrpravda_news) April 18, 2026
Киев әкімі Виталий Кличко әлеуметтік желіде Голосеев ауданында жараланғандардың арасында бала бар екенін хабарлады. Оның айтуынша, дәрігерлер баланы ауруханаға жеткізіп жатыр, ал ересектерге сол жерде көмек көрсетіліп жатыр.
Полиция мәліметінше, Национальная полиция Украины арнайы бөлімшелері – Жедел тосын әрекет ету корпусы күдікті жасырынған дүкенге шабуыл жасаған. Ол адамдарды кепілге алып, ұстау кезінде полицейлерге оқ атқан. Бұған дейін онымен келіссөз жүргізушілер байланыс орнатуға тырысқан.
Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам алдымен көшеде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырып, кейін Голосеев ауданындағы супермаркетте адамдарды кепілге алған.
Украинаның Бас прокуроры Руслан Кравченко күдіктінің 58 жастағы Мәскеу тумасы екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, биыл наурызда Нигерияда жанкештілер жасаған бірқатар теракт салдарынан 23 адам қаза тапты.