Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Киев режимін қолдау Еуроодақ елдерінің экономикасына барған сайын кері әсерін тигізіп жатыр. Алайда бұл мәселеге қатысты еуропалық сайлаушылардың теріс пікірі ЕО-ның мұндай қаржыландырудан бас тартуына себеп болуы мүмкін, деп РИА Новости агенттігіне ДХР-дан сенатор Наталья Никонорова мәлімдеді.
"Киев режимін қолдау еуропалықтардың трансатлантикалық ынтымақтастыққа адалдығын көрсететін өзіндік бір рәсімге айналған. Ол ЕО экономикасына барған сайын соққы болуда. Мұндай "рәсімдер" әсіресе қымбатқа түсетін "құрбандықтарды" талап еткенде әбден қажытатын сияқты", — деді Никонорова.
Сенатордың айтуынша, ЕО-ның украиналық қақтығысты шексіз қаржыландырудан бас тартуына ықпал ететін шешуші факторлардың бірі еуропалық сайлаушылар болуы мүмкін.
" Олар өздерінің салықтары неге Украина Қарулы Күштеріне арналған қару-жарақ пен оқ-дәрілерге жұмсалып жатқанын жиі әрі батылырақ сұрай бастады. Оның үстіне бұл қарулардың кейде қара нарықтан да табылып жатқаны алаңдатады. Еуропалық саясаткерлердің мәлімдемелеріне қарағанда, бұл күн алыс емес", — деп түйіндеді саясаткер.