Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
32-Бейжің халықаралық кітап көрмесінде таныстырылған «Киіз үй» кітабы Қытай баспагерлері мен оқырман қауымы тарапынан да зор қызығушылыққа ие болды. Басылымның ағылшын тілінде жарық көруі – қазақ халқының төл мұрасын халықаралық оқырманға таныстырып, ұлттық құндылықтарды әлемдік мәдени кеңістікке насихаттаудағы маңызды қадам.
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Тұсаукесер рәсімінде «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед сөз сөйлеп, кітаптың ерекшеліктері мен құндылығына тоқталды. Ол қолжазбамен алғаш танысқан сәттен бастап аталған еңбектің мәдени әрі танымдық маңызын жоғары бағалағанын айтып, бұл басылымды оқырманға ұсыну «Атамұра» баспасының ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы маңызды жұмысының жалғасы екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол бұл басылымды киіз үй туралы ғана емес, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, дәстүрі мен қолөнерін тұтастай танытатын құнды еңбек деп бағалады.
Тұсаукесерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Кәдірбек Сегізбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай, «Киіз үй» кітабының авторы, этнограф әрі ұлттық қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызы, осы кітапты ағылшын тіліне аударған Дүйсенәлі Әлімақын және Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова қатысып, жаңа басылымның мәдени, тарихи және танымдық маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. «Киіз үй» кітабы – халқымыздың дәстүрлі баспанасы туралы кітап қана емес, ұлттың тарихи жады мен рухани болмысын, шеберлік өнері мен өмір салтын танытатын құнды мәдени мұра.