24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Гавай аралдарында Килауэа жанартауы қайта оянды. Биіктігі 15 метрге дейін жеткен. АҚШ Геологиялық қызметінің келтірген дерегі бойынша, жанартау қысқа үзілістермен атқылап, бірнеше апта бойы тоқтамай тұр.
Мамандар белсенділік алдағы күндері де сақталады деп болжап отыр. Билік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар мен туристерге жабық аймақтарға жақындамауға кеңес береді. Килауэа – Гавай аралдарындағы ең белсенді жанартаулардың бірі. 2024 жылдан бері ол 39 рет атқылаған.