Ким Чен Ын Дональд Трамппен кездеспек

06.11.2025

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Солтүстік Корея басшысы президент Трамппен кездесуге ниетті.

Пхеньян дайындықты бастап кетті. Бұл туралы Оңтүстік Корея барлау қызметі жариялады. Мәліметке қарағанда, кездесу келесі жылға жоспарланған. Осыған дейін Ақ үй басшысы Ким Чен Ынмен келіссөзді жандандыруға ниет танытты. Алайда, өткен айдың аяғында Азия елдеріне жасаған сапары кезінде бұл жоспарын жүзеге асыра алған жоқ. Жалпы Дональд Трамп пен Ким Чен Ын үш рет кездескен. Алайда ядролық қарудан бас тарту бойынша келіссөздер АҚШ санкцияларынан кейін тоқтап қалды. Бұған дейін Ким Чен Ын Вашингтон Пхеньянды ядролық держава ретінде мойындамаса, Трамппен кездесудің мәні жоқ деп мәлімдеген еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью