Кім МӘМС жарнасын төлеуден босатылады?

23.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елде әлеуметтік жағынан осал топқа кіретін 15 санаттағы азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді.

Тізімде балалар, ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласының заңды өкілдерінің бірі, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтындар, банк жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемін алушылар бар. Сондай-ақ сот үкімі бойынша тиісті мекемелерде жазасын өтеп жатқандар, тергеу изоляторында отырғандар, жұмыс істемейтін қандастар және атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар да осы тізімнен табылады. 

1.    балалар

2.    ресми түрде тіркелген жұмыссыздар 

3.    жұмыс істемейтін жүкті әйелдер 

4.    үш жасқа дейінгі баласының заңды өкілдерінің бірі – жұмыс істемейтін ата-ана

5.    жүктілік және босану, жаңа туған баланы асырап алу, бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасау бойынша демалыста жүрген тұлғалар

6.    мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар

7.    бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар

8.    БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС ардагерлері

9.    сот үкімі бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда)

10.     тергеу изоляторларында отырғандар, сондай-ақ қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін тұлғалар

11.     жұмыс істемейтін қандастар

12.     «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапаттарын алған көп балалы аналар, бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен наградталғандар

13.    мүгедектігі бар адамдар

14.    орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын адамдар (күндізгі бөлім студенттері)

15.    мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыс істемейтін тұлғалар 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью