Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда сізбен бірдей тегі бар қанша адам тұратынын білесіз бе? Бәлкім, фамилияңыз бір мыңдаған адам бар шығар немесе еліміздегі ерекше тек иелерінің бірі боларсыз. Tengri Life қазақстандықтар арасында кең тараған және сирек кездесетін фамилияларды анықтап көрді.
Қазақстанда сізбен бірдей тегі бар қанша адам тұратынын білесіз бе? Бәлкім, фамилияңыз бір мыңдаған адам бар шығар немесе еліміздегі ерекше тек иелерінің бірі боларсыз. Tengri Life қазақстандықтар арасында кең тараған және сирек кездесетін фамилияларды анықтап көрді.
Қазақстанда қандай фамилия көп тараған?Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда көп тараған фамилия - Серік. Оны 56 мыңға жуық қазақстандық иеленген.
Ең танымал он фамилия қатарына мыналар кірді:
Серік - 56 580; Марат - 36 980; Ахметова - 35 505; Ким - 33 463; Амангелді - 31 676; Болат - 30 746; Мұрат - 30 323; Ахметов - 29 942; Қайрат - 27 422; Нұрлан - 26 027. Серік фамилиясы қай өңірде көп тіркелген?Серік тегі Қазақстанның бірден 11 өңірінде көш бастап тұр. Бұл фамилияны иеленушілердің көбі Алматы облысында тіркелген - 5 492 адам. Сондай-ақ бұл фамилия мына өңірлерде бірінші орында:
Түркістан облысында - 4 562; Қызылорда облысында - 4 277; Жамбыл облысында - 4 245; Атырау облысында - 3 396; Ақтөбе облысында - 2 908; Батыс Қазақстан облысында - 2 583; Ақмола облысында - 1 809; Шығыс Қазақстан облысында - 1 556; Абай облысында - 1 484; Ұлытау облысында - 1 181.Бұл ретте Серік тегі нық сеніммен бірінші орында тұрған Қызылорда облысында Ким тегі өңірдегі ең көп таралған фамилиялар қатарында қалып, 4-орын иеленген.
Ким, Ахметова және Амангелді қай өңірлерде алда тұр?Барлық өңірде бірдей Серік тегі бірінші орында емес.
Мәселен, Қарағанды және Жетісу облыстарында Ким фамилиясы көш бастады:
Қарағанды облысы - 3 373 адам; Жетісу облысы - 2 894 адам.Павлодар мен Қостанай облыстарында Ахметова жиі кездеседі:
Павлодар облысы - 2 287 адам; Қостанай облысы - 1 275 адам.Ал Маңғыстау облысында Амангелді тегі бірінші орынға шықты - 2 028 адам.
Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жөні бөлек, мұнда Иванова және Иванов фамилиялары алда тұр.
Солтүстік Қазақстан облысында тегі Иванова 1 004 әйел және тегі Иванов 909 ер адам тіркелген.
Шығыс Қазақстан облысында да Иванов фамилиясы ең көп таралған болып шықты - 1 556 адам.
Алматы, Астана және Шымкентте қандай фамилиялар көп тараған?Астана мен Шымкентте де Серік тегі бірінші орында тұр.
Астанадағы үздік 3 фамилия мынадай:
Серік - 5 143; Ахметова - 4 548; Марат - 3 516.Шымкентте:
Серік - 2 902; Марат - 2 318; Ахметова - 2 252.Ал Алматы еліміздің басқа ірі қалаларынан айтарлықтай ерекшеленеді. Мегаполисте ең көп таралған фамилия Ким болды. Бұл фамилияны қаланың 9 548 тұрғыны иеленген.
Алматы бойынша үздік үштік мынадай:
Ким - 9 548; Серік - 5 610; Ахметова - 3 972. Қазақстанда сирек кездесетін фамилияларСтатистика мамандары танымал фамилиялармен қатар, сирек кездесетіндерін де атады. Олардың әрқайсысы елімізде тек бір рет тіркелген.
Тізімге мыналар енді:
Лысковцева - 1; Мирусланова - 1; Кырғызбаев - 1; Кульшова - 1; Қазылханов - 1; Мұқсиынов - 1; Зауран - 1; Нованқызы - 1; Мүкеш - 1; Гончигсурэн - 1.Еске сала кетейік, таяуда Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған және ең сирек кездесетін есімдер белгілі болды. Ең танымал есімдер қатарында Айлин, Асылым және Мәдина бар.
Тағы оқыңыз: Мадара Ерболұлы және Наруто Марленұлы: желіде ерекше “есімдер“ талқыланып жатыр
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу