Кім жасаса, сол төлесін Президент ведомстволық жүйелерді бір платформаға көшіру шығындары туралы

10.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елдегі жүйелердің бытыраңқылығын жою үшін оларды QazTech бірыңғай платформасына кезең-кезеңімен көшіру қажеттігін айтқан еді.

— Ал енді көрейік, мұны тексеру керек. Сіздің айтқаныңыздан түсінгенім — бір-бірінен бөлек жатқан барлық ведомстволық бағдарламаларды QazTech платформасына «орналастыру» қажет. Бұл нақты қалай жүзеге асады? Бас прокуратурадағы кеңесте оған қажетті сома мөлшері аталды, бұл жөнінде кейінірек пікір айтамын. Бірақ мұның бәрін кім жасады, соның бәрін өзі төлесін, — деді Президент Қ. Тоқаев.

Өз жауабында сала министрі QazTech-ке көшу процесі кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтып ақталды.

— Биыл ақпараттық жүйелердің 30 пайызы платформаға көшіріледі. Сонымен қатар кейбір ескі жүйелер анықталды, оларды QazTech-ке көшірудің мәні жоқ. Бұл жүйелер толығымен қайта жазылады. Нәтижесінде үш жылдың ішінде 190 жүйенің орнына 90 шақты жүйе қалады, — деді Жаслан Мәдиев.

Өз кезегінде Президент бұл мәселеге тағы оралатынын айтты.

— Біз бұл мәселеге тағы ораламыз. Әзірге қалай жүзеге асырылатыныны, қашан дайын болатыны түсініксіз, — деп түйіндеді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы KazLLM тілдік машинасын іске қосу мен Aitu мессенджерін қолданысқа енгізу жұмыстарын сынаған еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью