Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Былтыр жұмысынан айырылған 354,2 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) осы мақсатта 130,4 млрд теңге жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.
Фото: egemen.kz/Ерлан Омар Жұмысынан айырылуға байланысты өткен жылы 311,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады.
Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыссыздық азайып, еңбек нарығы кеңейіп келеді Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскер төмендегі әрекеттерді орындау керек: eGov.kz порталына тіркелу; «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық бос жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (МО) бос жұмыс орындарын ұсынады; Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады); Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?