Кими Антонелли Формула 1 тарихындағы ең жас чемпион атанды

02.11.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Mercedes командасы атынан жарысқа қатысатын италиялық шабандоз 20 жас 68 күнінде "Формула-1" тарихындағы ең жас чемпион атанды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Болонья тумасы, Mercedes пилоты жексенбі, 1 қарашада өткен Мексика Гран-приінде мәреге үшінші болып келді. Осы нәтижеден кейін ол жалпы есепте қарсыластарынан 119 ұпайға озып, чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FORMULA 1® (@f1) жарияланымы

Бұған дейін "Формула-1" додасының ең жас чемпионы германиялық Себастьян Феттель болатын. Ол 2010 жылы 23 жас 134 күнінде чемпион атанған еді.

Сондай-ақ, Антонелли 73 жылдан кейін бұл атаққа қол жеткізген алғашқы италиялық атанды. Бұған дейін италиялық шабандоз Альберто Аскари 1952 және 1953 жылдары чемпион атанған еді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FORMULA 1® (@f1) жарияланымы

Кими Антонеллидің 2026 жылғы маусымдағы нәтижелері

2026 жылғы маусым Кими Антонелли үшін жеңіске толды жыл болды. "Формула-1" турнир кестесінің мәліметі бойынша италиялық спортшы 380 ұпай жинап, жеке есепте бірінші орынға ие болды.

formula1.com сайтынан алынған скриншот

Оның басты қарсыласы - Red Bull Racing командасынан Макс Ферстаппен. Ол 261 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды 259 ұпай жинаған Ferrari шабандозы Льюис Хэмилтон иеленді. Төртінші орын оның командаласы Джордж Расселге (250 ұпай), ал бесінші орын Ferrari өкілі Шарль Леклерге (245 ұпай) бұйырды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FORMULA 1® (@f1) жарияланымы

Антонелли жалпы есепте екінші орындағы қарсыласынан 119 ұпайға озып кетті.

Антонелли туралы не белгілі?

Кими есімімен көбірек танылған Андреа Кими Антонелли 2006 жылы Италияның Болонья қаласында дүниеге келген. Картингтің жасөспірімдер арасындағы жарыстарында бірнеше рет чемпион атанып, жеңіске жеткеннен кейін 2019 жылы сәуірде Mercedes командасының жас шабандоздарды даярлау бағдарламасына қосылған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Andrea Kimi Antonelli (@kimi.antonelli) жарияланымы

Төменгі және жастар серияларындағы жетістіктері:

2022 жыл - PREMA Racing сапында "Формула-4" чемпионы. 2022 жыл- PREMA Racing сапында ADAC F4 чемпионы. 2023 жыл - PREMA Racing сапында Formula Regional Middle East чемпионы. 2023 жыл - PREMA Racing сапында Formula Regional (FRECA) Еуропа чемпионы. 2024 жыл - PREMA Racing сапында "Формула-2" чемпионатында 6-орын иеленді. 2025 жылы Mercedes-AMG PETRONAS Formula One командасының пилоты атанды.

Қызық дерек: "Формула-1" чемпионы Кими Антонеллидің қазір жүргізуші куәлігі жоқ. 2026 жылы ақпанда италиялық шабандоз Сан-Маринода Mercedes-AMG GT 63 PRO көлігімен жол апатына ұшыраған. Осы оқиғадан кейін полиция оның жүргізуші куәлігін уақытша тәркілеген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью