Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде бюджет есебінен заңсыз оқып жатқандардың тізімін жариялауды талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл туралы үкімет сағатында айтты.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде бюджет есебінен заңсыз оқып жатқандардың тізімін жариялауды талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл туралы үкімет сағатында айтты.
Базарбектің айтуынша, 15 үміткер бойынша республикалық комиссияның шешімі жоқ болса да, олар шетелде білім алып жатыр. Сондай-ақ депутат 151 стипендия жоспардан тыс және лимиттен тыс 2 миллиард 519 миллион теңге сомасына тағайындалғанын мәлімдеді.
"15 үміткер бойынша республикалық комиссияның шешімі мүлдем жоқ, бірақ олар оқып жатыр. 151 стипендия жоспардан тыс, лимиттен асыра, 2 миллиард 519 миллион теңге сомасына тағайындалған", - деді депутат.
Бұдан бөлек, Базарбек 71 үміткердің "өзара біріне-бірі жасырын кепілгер болғанын" алға тартты. Ол бұл дерек бойынша шығынды 876 миллион теңгеге бағалады.
"Менің есебімше, бұл сома 10 миллиард теңгеге жетіп жығылады. Кімнің балалары, кімнің туыстары шетелде "тегін" оқып жүр? Министрлік олардың аты-жөнін анық әрі ашық жариялауы тиіс", - деді Базарбек.
Депутат есеп қорытындысы бойынша "Болашақ" бағдарламасымен мамандар даярлауға жұмсалған қаражатты қайтару туралы талап арыз түсіруді ұсынды.
Сондай-ақ ол Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында көрсетілген заңбұзушылықтарға қатысы бар лауазымды тұлғаларды анықтау үшін Бас прокуратура мен құқық қорғау органдарының қатысуымен комиссия құруды ұсынды.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді
30 наурыз 15:27 1
“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады
02 сәуір 14:44 1
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді
31 наурыз 16:22 1
Мән-жайы"Бас прокуратура мен құқық қорғау органдарының қатысуымен комиссия құрып, Жоғары аудиторлық палатаның 10 миллиард теңге сомасындағы аудит қорытындысында анықталған заңбұзушылықтарға қатысы бар барлық лауазымды тұлғаны анықтау қажет", - деді Базарбек.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендия бөлу кезінде заңбұзушылықтарды анықтағанын жазған болатынбыз. Аудиторлардың мәліметінше, іріктеудің жалпы критерийлеріне сәйкес келмейтін 340 үміткерге Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен жеке тәртіпте стипендия тағайындалған. Жалпы сома 7,7 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ ЖАП мәліметінше, 151 стипендия бекітілген лимиттен тыс берілген.
Сонымен қатар, аудиторлар жоғары білім беру жүйесіндегі жалпы проблемаларды атап көрсетті: қаражаттың ашық бөлінбеуі, гранттарды беру кезіндегі заңбұзушылықтар және орталықтандырылған есептің болмауы. ЖАП оқудан шығару және міндетті жұмыспен өтеу кезіндегі тәуекелдерді де атап өтті: оқудан шығарылған студенттерге миллиардтаған теңге жұмсалған, бірақ қаражатты қайтару механизмі жоқ, сондай-ақ міндетті жұмыс өтеуден жалтару схемалары бар.
Бұл ретте "Болашақ" өкілдері депутаттардың сынына бұған дейін жауап берген еді. Халықаралық бағдарламалар орталығы бағдарлама жұмыс істеген уақыт ішінде 15 871 стипендия тағайындалғанын, ал Қазақстанға оралмаған немесе міндеттемелерін орындамаған стипендиаттар мемлекетке жұмсалған қаражатты қайтаруы тиіс екенін айтты. Орталық мәліметінше, 2023 жылы бюджетке 1 миллиард 579 миллион теңге қайтарылған.