“Кінәлі емеспін деп санаймын“ Мүлік иелері бірлестігі (МИБ) төрайымының Ұлдана Мырзуан ісі бойынша айғақтары

09.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы, айыпталушы Сәуле Жұбаниязовадан жауап алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұбаниязова бұл үйде анасымен және екі баласымен бірге тұратынын айтты. Оның сөзінше, қайғылы оқиғадан екі апта бұрын ғимаратта жаңа жарықтар пайда бола бастаған. Түнде ол сытырлаған дыбысты естіп, өз пәтеріндегі бөлме төбесінде жарық ұлғайғанын көрген.

Айыпталушының айтуынша, үйдің бір тұрғыны да сытырлаған дыбысты естіп, пәтеріндегі жарық кеңейгенін хабарлаған. Осыдан кейін МИБ төрағасы ТЖМ-ін шақырып, конструкциялар қирап жатқандықтан, бірінші кіреберістің бір бөлігін қоршауды сұраған.

Әйелдің айтуынша, ғимараттағы өзгерістер қазір де тоқтамаған. Соның ішінде, екінші қабаттағы қабырға мен төбенің арасы ажырай бастаған.

"Қазір ол жерде төтенше қирау жүріп жатыр. Кеше екінші қабатқа кіргенімде, қабырғадан жарық кеткенін көрдім. Қабырға шамамен жарты сантиметрден бір сантиметрге дейін қабырға кеткен", - деді ол.

Жұбаниязова соттан істің барлық мән-жайын мұқият қарастыруды және оның МИБ төрағасы ретіндегі міндеттерін қайғылы жағдайдан бөліп қарауды сұрады.

"Құрметті сот, мен істің барлық мән-жайын анықтап, МИБ төрағасы болғанымды осы қайғылы оқиғадан бөліп қарауды өтінемін. Мен бұл жағдайда кінәлі емеспін деп санаймын", - деді айыпталушы.

Әйелдің айтуынша, ол ең алдымен МИБ-ке басшы болуға келіскеніне өкінеді.

"Мен балаларым мен анамның алдында ғана кінәлімін. Осы үйді алып, төраға болғаныма өкінемін. Өйткені балаларыма дені сау, бақытты және қастарында болатын ана керек деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін Жұбаниязова.

Айыпталушы соттан істің барлық мән-жайын ескере отырып шешім шығаруды сұрады.

Бүгін сот құрылыс саласындағы маманның жауабын тыңдады. Сарапшы үйдің жобалық сәйкессіздіктері туралы айтып, оларды "мина іспеттес" деп атады.

“Гүл ғана егіп отырасың деген” - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сотталушы

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланған болатын. Трансляцияны Tengrinews.kz сайтының YouTube-арнасынан көруге болады.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Бұған дейін марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны айтылған еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Айыпталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы да жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

Одан бөлек, қайғылы оқиға болған күні Ұлдана Мырзуанмен шақырту орнына келген фельдшер Дильназ Байзақова да сотта жауап берді. Оның айтуынша, Ұлдананың сау тамтығы қалмаған. Тағы бір жәбірленуші Гүлнар Қалиева сол күні "кірпіштер жаңбырша жауғанын" айтты.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью