Кинода 10 күнде тапқан ақшамды ән айтып, 1 күнде табамын Дастан Оразбеков (видео)

18.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әнші Дастан Оразбеков «1001 түн» бағдарламасында кино саласындағы табысы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Қазақстанда киноға түсетін актерлерге аз қаржы төленетінін жасырмады. 

«Ашығын айтқанда, киноның төлемақысы аз. Өзің кино түсірсең, жақсы табуға болатын шығар. Қазақстанда актерлердің табысы ән айтқандағы табысымыздан әлдеқайда төмен. Айырмашылығы жер мен көктей деп айтуға болады. Мысалы, мен бір күннің ішінде ән айтып тапқан ақшамды мына жақта он-он бес күн жүріп табуым мүмкін. Осылай айтуға болады», - дейді Дастан Оразбеков.

 Ол әзірге өзі сомдағысы келетін кейіпкер жоқ екенін ашық айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью