“Кинодағыдай“: жолаушы бірнеше жыл бойы тегін ұшып жүрген

05.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АҚШ-тың құқық қорғау органдары 33 жастағы канадалық Даллас Покорникке қатысты істі тергеп жатыр. Тергеу нұсқасына сай, ол бірнеше жыл бойы жалған құжат қолданып, тегін ұшып жүрген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

АҚШ-тың құқық қорғау органдары 33 жастағы канадалық Даллас Покорникке қатысты істі тергеп жатыр. Тергеу нұсқасына сай, ол бірнеше жыл бойы жалған құжат қолданып, тегін ұшып жүрген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл оқиғаны Business Insider жариялаған. Сарапшылардың айтуынша, негізгі қауіп әуе компанияларының қаржы шығынында емес, бұл жағдай қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтарды көрсетіп берген.

Схема қалай жұмыс істеген?

Прокуратура дерегінше, ер адам бұрын расында Канададағы әуекомпаниясында 2017–2019 жылдары бортсерік болып жұмыс істеген. Жұмыстан шыққаннан кейін ол бұрынғы жұмыс берушінің құжаттарына ұқсатып жасалған жалған қызметтік куәлікті пайдаланып, 2020–2024 жылдары АҚШ әуе компанияларының рейстерімен тегін ұшуға мүмкіндік алған.

Көп әуекомпаниясында қызметкерлер мен экипаж мүшелері рейсте бос орын болса, тегін немесе жеңілдікпен ұша алады. Тергеу Покорник осы жүйені пайдаланып, өзін қазіргі экипаж мүшесі ретінде көрсеткен деп есептейді.

Хабарламада оның бірнеше рет джамп-ситке (jump seat) – ұшақ кабинасындағы арнайы орынға (әдетте инспекторлар немесе қызметіне бара жатқан ұшқыштар отыратын орын) кіруге рұқсат сұрағаны айтылған. Оның шынымен кабинаға кірген-кірмегені белгісіз, бірақ мұндай әрекеттердің өзі сарапшыларды қатты алаңдатқан.

Неліктен бұл қауіпті?

Сарапшылардың айтуынша, мәселе "тегін билетпен ұшып, компанияларға ақша шығын келтірді" дегенде ғана емес. Ең бастысы – бұл схема әуежай/әуекомпанияларының тексеру жүйесінде әлсіз жер барын көрсетті: қызметкерлерді тану, құжат тексеру, ұшаққа кіру тәртібі сияқты мәселелер.

Авиация сарапшысы Генри Хартевелдт мұндай "саңылауды" басқа біреулер одан да қауіпті мақсатпен пайдалануы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, экипажды растау жүйесі көбіне әуекомпаниялары арасындағы сенімге сүйенеді, ал бұл қауіп төндіреді.

Айыптар және ықтимал жаза

Покорникке электрон байланыс құралдарын пайдаланып жасалған екі алаяқтық айыбы тағылды. Ол өз кінәсін мойындамады. Егер сот кінәлі деп тапса, оған 20 жылға дейін түрме және 250 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Әуекомпанияларының атауы ресми айтылмады. Дегенмен прокурорлар олардың бас кеңселері Гонолулу, Чикаго және Форт-Уэрт қалаларында екенін атап өткен. Бұл қалалар Hawaiian Airlines, United Airlines және American Airlines компанияларымен байланысты.

Бұған дейін Покорник Канаданың Porter Airlines компаниясында жұмыс істеген.

Бұл оқиға фильм сюжетіне ұқсайды. Онда Леонардо Ди Каприоның кейіпкері өзін ұшқыш болып көрсетеді. Бұрынғы ұшқыш Марк Стивенс джамп-ситке отыру үшін әдетте құжат, лицензия және медициналық анықтама қатаң тексерілетінін айтып, бұл жағдайдың "ерекше" екенін және бақылауда олқылық болуы мүмкін екенін жеткізді.

Жүйе қай жерде сыр беруі мүмкін?

Мамандардың болжамынша, ол нақты қызметкердің ұрланған деректерін қолдануы мүмкін, не техникалық қате болған немесе тексерістен адам факторына байланысты өтіп кеткен. Үшінші біреулер көмектесуі де мүмкін, бірақ оған дәлел әзірге жоқ.

Сарапшылар бұл жағдайдан кейін қауіпсіздік ережелері, әсіресе экипаж куәліктерін тексеру және әуе компанияларының бір-бірімен ақпарат алмасуы қайта қаралуы мүмкін деп есептейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью