Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жасанды интеллект көмегімен жасалған Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестиваліне өтінім қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жасанды интеллект көмегімен жасалған Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестиваліне өтінім қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қатысушыларды тіркеудің аяқталуына 65 күн қалды. Өтінім қабылдау басталғаннан кейінгі 17 күн ішінде ұйымдастырушылар әлемнің 50 елінен 300-ден астам жұмысты алды. Бұл ретте өтінімдердің 86 пайызы шетелдік қатысушылардан түскен.
Ең көп өтінім Қазақстан, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея және Қытайдан түсті. Сондай-ақ қатысушылар арасында Ұлыбритания, Нидерланд, Италия, Индонезия, Испания, Мысыр, Үндістан, Аргентина, Украина, Түркия, Сингапур, Пәкістан, Мажарстан, Чили, Бразилия, Болгария, БАӘ, Германия, Жапония, Франция, Канада, Аустралия және басқа да көптеген ел бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қызығушылық AI-кино креативті индустриядағы жаңа әлемдік бағытқа, ал Қазақстан біртіндеп осы қозғалысты дамыту алаңдарының біріне айналып келе жатқанын айғақтайды.
"Жобаға қызығушылықтың Қазақстан шекарасынан әлдеқайда асып түскені қазірдің өзінде байқалады. Өтінімдер барлық дерлік континенттен түсіп жатыр, бұл жасанды интеллект тақырыбы мен киноның жаңа форматтары әртүрлі елдегі адамдарды біріктіретінін растайды", - деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушылары.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрия өкілдерімен кездесуінде бұл шараның креативті индустрия дамуындағы іргелі бетбұрысты көрсететін әлемдік деңгейдегі алғашқы оқиға болатынын айтқан еді.
"Фестивалді ұйымдастыру Қазақстанды халықаралық аренадағы инновациялар мен жасампаз бастамалар орталықтарының бірі ретінде көрсету үшін өте маңызды", - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Astana AI Film Festival 2026 жылдың 28 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Астанада өтеді. Фестивальдің басты оқиғасы - жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын халықаралық қысқа метражды AI-фильмдер байқауы болмақ.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Бозымбаев Шэньчжэнь мэрімен инновациялық қалаларды дамыту тәжірибесін талқылады
09 маусым 13:18 1
6 миллиард доллар инвестиция: Alatau City бойынша Шэньчжэньдегі келіссөздер қорытындысы
10 маусым 13:32 2
Негізгі байқау маусымның "The future worth living in" ("Өмір сүруге лайықты болашақ") тақырыбы аясында өтеді. Сондай-ақ бес номинация бойынша ашық секция қарастырылған: үздік режиссура, үздік визуалды тіл, үздік оқиға, үздік тұжырымдама және үздік кейіпкер.
Astana AI Film Festival-ге өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады.