Кинотеатрларда жанрлар тоғысы: аптаның жаңа фильмдері

11.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Апта кинопремьералары туралы Kazinform тілшісінің шолуынан біле аласыздар.

Заңсыз. Мексика арқылы (Нелегал. Через Мексику) 7.8

Жанры: Драма, экшн

Ұзақтығы: 113 минут

Ел: Қырғызстан, 2026

Режиссер: Руслан Акун

Фильм Шыңғыс есімді жігіттің сапарын арқау етеді. Басты кейіпкер ұрланған бауырын табу үшін бірнеше елдің шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Мексикаға жетуі керек. Сапар барысында ол көп қиындыққа тап болады. Иммиграциялық полициядан жасырынып, қауіпті аймақтардан өтеді. Туындыда отбасы құндылығы, жақын жандар үшін жанкештілік және қайсар рух тақырыптары айқын көрініс табады.

Мумия. Зұлымдықтың қайта оралуы (Мумия. Возрождение зла) 4.1

Жанры: Ужас

Ұзақтығы: 96 минут

Ел: Ұлыбритания, 2026

Режиссер: Колум Иствуд

Табысты археолог Фиона ірі ғылыми жаңалық ашудың алдында тұр. Ол пұтқа табыну дәуіріндегі Морриган құдайының тарихи тұлға не мифтік жаратылыс екенін дәлелдемек. Осы мақсатта ол қызы Лилимен бірге «Мумиялар аралы» аталып кеткен құпия мекенге жолға шығады. Алайда Морриганның тас табыты ашылған сәттен бастап аралда түсініксіз әрі қорқынышты оқиғалар жиілей түседі. Құбылыстар қызы Лилиден де байқала бастайды. Бұл жағдай Фиона мен оның командасын шұғыл әрекет етуге мәжбүр етеді. Олар ежелгі құпияны ашып, белгісіз зұлым күштің таралуына тосқауыл қоюы тиіс. Бұл — бір жағынан ғылыми ізденіс болса, екінші жағынан анасының өз қызын аман алып қалу жолындағы күресі.

«Қызыл бетперде. Суперқаһарманның үстел кітабы» (Красная маска. Настольная книга супергероя) 5.3

Жанры: Мультфильм, отбасылық фантастика

Ұзақтығы: 91 минут

Ел: Норвегия, Швеция, 2025 жыл

Режиссер: Ану Бхагаван, Патрик Форсберг

Лиза сыныптастарымен тіл табыса алмай, жиі бөлек жүреді. Бір күні кітапханада жасырынған сәтінде ол «Суперқаһарманның үстел кітабын» табады. Бұл оқулықта өз бойындағы суперқабілеттерді дамытуға арналған нақты кеңестер жазылған. Лиза оқуды дереу бастайды: ұшуды меңгереді, жануарлардың тілін түсіну қабілетін дамытады және қиын сәттерде адамдарға көмектеседі. Осылайша қоғамда Қызыл бетперде деген атқа ие болады. Осы уақытта қаланы мәңгілік қараңғылыққа батыруды жоспарлаған жауыздар әрекетке көшеді. Лизаға зұлымдыққа қарсы тұру үшін өзімен бір мақсаттағы команда жинайды.

Ящер 5.5

Жанры: Фантастика, шытырман оқиға, боевик

Ұзақтығы: 75 минут

Ел: Қытай, 2024 жыл

Режиссер: Cecil Man Ching Cheng

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бір аралда экологиялық зерттеуші жергілікті аңшының көмегімен ерекше флора мен фаунасын зерттеп жүр. Ол аралда зауыт салынғаннан кейін табиғаттың өзгергенін байқайды. Осы тұста күтпеген уақытта аралға метеорит құлайды. Ғарыштан келген минералдардың әсерінен жануарлар көлемі үлкейіп, қауіпті сипатқа ие болады. Бұл оқиға ғалымдар мен жергілікті тұрғындарға жаңа қауіп төндіріп, аралдағы өмірді түбегейлі өзгертеді.

Сен, мен және Тоскандағы жаз (Ты, я и лето в Тоскане) 5.0

Жанры: Комедия, мелодрама

Ұзақтығы: 105 минут

Ел: АҚШ, 2026 жыл

Режиссер: Кэт Койро

Бос тұрған итальян вилласында тұрып, қыз өзін үй иесінің қалыңдығы ретінде таныстырады. Алайда күтпеген жағдай орын алып, ол өмірін түбегейлі өзгерте алатын махаббатты кездестіреді.

Туысқан 9.3

Жанры: Комедия, драма

Ұзақтығы: 107 минут

Ел: Қазақстан, 2026 жыл

Режиссер: Абдусаид Шайхисламұлы

Бай кәсіпкер Асқар қайтыс болған соң, оның туыстары мұра үшін таласқа түседі. Ерке ұлы Самат туыстарының қысымына төтеп беріп, шынайы мұрагер болуға лайық екенін дәлелдеуге мәжбүр болады.

Менің итім — ғарышкер (Моя собака — космонавт) 7.5

Жанры: Отбасылық комедия

Ел: Ресей, 2025 жыл

Режиссер: Михаил Морсков

1960 жыл. 10 жастағы Миша Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы шағын қалада тұрады. Зымырандар көкке көтерілген сайын оның қиялы ғарышқа самғайды, арманы биіктей түседі. Туған күнінде ол Белка атты итті тауып алады. Бұл тосын кездесу Мишаның тағдырына өзгеріс енгізіп қана қоймай, ғарышты игеру тарихындағы жаңа бір кезеңнің басталуына негіз қалайды.

Темірлан 9.5

Жанры: Боевик

Ұзақтығы: 107 минут

Ел: Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, 2026 жыл

Режиссер: Джейкоб Шварц

Фильм XIV ғасырдағы Орталық Азияның батыс далаларында өрбиді. Басты кейіпкер — жас Темірланның билікке келу жолы, басынан өткерген опасыздық, қайғы-қасірет және өз халқының басын біріктіру жолындағы күресі баяндалады. Фильм көшбасшының бейберекетсіздікті жеңіп, тарихта өшпес із қалдырған бейнесін шынайы әрі көпқырлы көрсетеді. Фильмнің түсірілімі Өзбекстан мен Қазақстан аумағында жүргізілді.

Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью