Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жаңа ошақтар аралдың оңтүстігіндегі Ларнака маңындағы Дромолаксия-Менеу муниципалитетінде орналасқан қой-ешкі фермасында, сондай-ақ Никосия аймағындағы ірі қара және шошқа шаруашылықтарында анықталған.
Ауру 13 ірі қара шаруашылығынан, 86 қой және ешкі фермасынан және екі шошқа өсіретін кәсіпорынан анықталған. Аралдың оңтүстік-шығысында және Никосия өңірінде малды жаппай жою және вакцинациялау шаралары жүріп жатыр.
Алғашқы жағдай 20 ақпанда Ларнака өңіріндегі сүт фермасында тіркелген. Содан бері инфекция елдің бірнеше аймағына тараған. Апта басында Никосияның батысындағы фермада шошқалар арасында алғаш рет аусыл табылған соң карантин енгізіліп, жануарлардың қозғалысы шектелді.
-Еуроодақ талаптарына сәйкес, ауру жұқтырған шаруашылықтардағы барлық мал жойылады. Қазіргі уақытқа дейін Кипрде 30 мыңнан астам жануар жойылған,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында ауру киіктердің далада жүргендігі туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тараған болатын.