Кіріс пен мүлік декларациясын кімдер және қалай тапсырады

13.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

270-декларацияны кімдер тапсыруы тиіс?

— 270-декларация тек жеке тұлғаларға арналған. Заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер оны тапсыра алмайды. Кәсіпкер тек жеке тұлға ретінде табыс алған немесе декларациялауға жататын активтері бар жағдайда тапсыра алады, — деді Гүлден Хасенова тікелей эфирде.

Сарапшының айтуынша, декларацияны міндетті түрде тапсыруға тиіс адамдар қатарына:

· мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары;

· заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары және олардың жұбайлары;

· дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғалар, мысалы пәтерді жалға беру, бағалы қағаздардан түсетін табыс немесе бір жылдан аз уақыт иелік еткен активтерді сатудан түскен пайда;

· жыл соңында шетелде активтері бар қазақстандықтар;

· 2025 жылы құны 20 мың АЕК-тен (шамамен 78 млн теңге) асатын мүлік сатып алғандар;

· салықтық шегерімдерді қолданғандар, мысалы көпбалалы отбасылар немесе балалардың оқуы бойынша.

— 250 және 270-декларация 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылады. Мерзім өткізіліп қалса, Әкімшілік кодекстің 272-бабы бойынша бірінші рет ескерту жасалады, кейін айыппұл салынады, — деп ескертті Гүлден Хасенова.

Сондай-ақ, ол егер заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын айтты. Ал декларацияда толық емес немесе жалған мәлімет көрсеткендерге де заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Декларацияны тапсыру жолдары:

1. Салық органдарына немесе ХҚКО-ға барып, жеке толтыру;

2. Пошта арқылы жазбаша түрде жіберу (мөртабан 15 қыркүйекке дейін болуы тиіс);

3. Электронды түрде — «Салық төлеушінің кабинеті», eGov mobile, E-Salyq Azamat қосымшалары немесе кейбір банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Ал 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тек мемлекеттік қызметке кандидаттар, ірі банктердің қатысушылары және шетелде активтері бар азаматтар тапсырады. Бұл декларация бір рет беріледі және жыл сайын тапсыру міндетті емес.

Еске сала кетейік, астаналықтарға көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу ескертілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью