Кіші Аралдың қалпына келуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады депутат

21.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

- Облыс орталығымен қатар ауыл-аймақтың тазалығы, көркеюі де назардан тыс қалмады. Нағи Ілиясов пен Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі етуі - жергілікті халықтың тәртіпке, бірлікке және ортақ жауапкершілікке оң көзқарасының нәтижесі, - деді депутат. 

Президент еліміз үшін стратегиялық ресурс саналатын су мәселесімен жүйелі түрде айналысу керектігін атап өтті. 

- Бұл бағытта жүйелі әрі ұзақ мерзімді шешімдер қабылдаудың маңызы ерекше. Осы орайда Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында халықаралық су ұйымын құру жайы сөз болды. Сәуір айында Астанада өтетін Халықаралық экология саммитінде Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен бірге Арал мәселесі талқыланбақ, - деді Мархабат Жайымбетов. 

Ол Кіші Аралдың қалпына келуі Сыр өңірінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді. 

- Ел тағдыры - ортақ жауапкершілік. Осындай тарихи кезеңде әр азаматтың бірлігі мен ынтымағы, еңбегі мен жанашырлығы елді алға бастырады. Бір мақсатқа жұмылған жұрт қана берекелі болашақты бірге қалыптастыра алады, - деді депутат. 

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұған дейін Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңі әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью