Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Жетісу облысы Жаркент қаласында 5 жасар баласына қатыгездік көрсеткен әйелдің күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде кішкентай баланы жылу батареясына байлап, ұрып-соғып жатқан ананың видеосы тараған болатын.
Балалардың әкесінің айтуынша, бейнежазбаны отбасымен бірге тұратын таныстарының бірі түсірген.
Ер адамның сөзінше, әйел баланы үлкен дәретке жіберіп қойғаны үшін жазалаған.
Ол үйге дүкеннен келген соң, танысы видеоны оңаша көрсеткенін айтады. «Үйде сыныптас қыз бар, сол видеоға түсірген.
Мен дүкеннен келгеннен кейін ол видеоны көрсетті. Көрдім, бірақ сол сәтте әйелімнен не үшін ұрдың деп сұрамадым.
Кейін видеоны өзім тарата бастадым», – дейді балалардың әкесі Таир Курваншанов. Таир Курваншанов пен оның жұбайының екі баласы бар.