Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева Михаил Шайдоров пен София Самоделкинаға қолдау білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол екі спортшының биылғы Олимпиададағы жетістігі өскелең ұрпаққа үміт сыйлап, шабыт бергенін айтты.
«Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спортына лайықты түрде назар аударыла бастады. Бұл анық сезіледі. Бұл Миша мен Софьяның арқасы. Михаил Шайдоровтың алтын жүлдесі мен Софья Самоделкинаның Олимпиадада үздік ондыққа енуі Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай, өскелең ұрпаққа және еліміздің кішкентай мәнерлеп сырғанаушыларына үміт сыйлады. Мәнерлеп сырғанау —жан-тәніммен жақсы көретін ғажап спорт түрі. Мансабымды аяқтасам да, олардың нәтижесінен шабыт алдым. Қазір өзім үшін сырғанап жүрмін. Қазақстанды әлемдік аренада таныстырғаныма өте қуаныштымын. Ал қазір спортшыларымыздың сол жолды абыроймен жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгеніне мақтанамын!» – деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.