Кісі өлтіру, бопсалау және қару жарақ: 2025 жылы Қазақстанда 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

09.01.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..


Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асырады.

2025 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті.

Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды.

Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.

Бүгін, 10:08

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью