Кисло Сладкий Таиландта жоғалып кеткен әртістің таныстары не дейді?

20.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлеуметтік желілерде Таиланд аумағында қазақстандық танымал рэпер Дархан Жұмабектің ("Кисло-Сладкий") жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Мән-жайды режиссер Парасат Ибраев айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Life.

Әлеуметтік желілерде Таиланд аумағында қазақстандық танымал рэпер Дархан Жұмабектің ("Кисло-Сладкий") жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Мән-жайды режиссер Парасат Ибраев айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Life.

Мән-жай

Әлеуметтік желілердің бірінде музыканттың Таиландта жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды.

"Паттайяда қазақстандық рэпер Дархан ("Кисло-Сладкий" лақап атымен танымал) жоғалып кетті. Ол кейінгі рет жағажайда көрінген", - делінген мәтінде.

Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі рэпердің расымен жоғалған-жоғалмағанына немесе бұл назар аударту үшін жазылған жалған ақпарат па деген сауал тастады.

Режиссер не дейді?

Рэпердің іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты Таиландта онымен бірге жұмыс істеуге тиіс болған режиссер Парасат Ибраев растады. Оның айтуынша, олар кейінгі рет кеше кешкісін сөйлескен.

"Ол бүгін түсірілімге Пхукетке ұшып келуі керек еді. Қазір полиция бөлімшесіне бара жатырмын, бейнебақылау камералары арқылы іздейміз. Ол Бангкоктан Пхукетке ұшып шығуға тиіс болатын. Елшілікке әзірге хабарласқан жоқпыз", — деді режиссер.

Оның мәліметінше, рэпер досымен бірге саяхаттаған. Пхукетте екі музыкалық клип түсіру жоспарланған екен.

"Бұл промо емес. Мен оны шынымен таба алмай жатырмын. Барлығы маған жазып жатыр, мен де уайымдай бастадым. Біз бүгін түсірілімді бастауымыз керек еді", - деді Парасат Ибраев.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары әзірге жарияланған жоқ.

Кисло-Сладкий туралы не белгілі?

Кисло-Сладкий (Дархан Жұмабек) — қазақстандық рэп орындаушысы, 1999 жылы 9 сәуірде Алматы облысының Шелек ауылында дүниеге келген. Ол "Пиридай" сияқты бірнеше танымал тректерді шығарған "Кисло-Сладкий & Bonah" хип-хоп дуэтінің мүшесі ретінде танымал болды. Кейіннен әртіс жеке шығармашылық жолын бастады.

Ескерту: Назар аударыңыз! Тректе бейәдеп сөздер бар

2020 жылы оның есімі әнші Dequine-нің тарапынан айтылған әлімжеттік жасау айыптарына байланысты қоғамдық дауға ілікті.

Еске салайық, 19 мамырда рэпер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған түнгі мекемелердің бірінен түсірілген видео себеп болды, Алматы полициясының мәліметінше, ол жерде рэпер қоғамдық тәртіпті бұзып, өзін дөрекі ұстаған. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен оған 20 АЕК (шамамен 86 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью