Кітап апталығы басталды

17.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биыл Мемлекет басшысының бас­тамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні екінші рет атап өтіледі. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға, зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы бас­талды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Апталық аясында 1 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, 16 сәуір – «Артық білім кітапта…», 17 сәуір – «Сөз өнеріндегі өлкетану», 18–19 сәуір – «Weekend. Book. Vibes», 20 сәуір – «Кітапхана түні» акциясы, 21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре», 22 сәуір – «Кітап – достық амбассадоры», 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

«Артық білім кітапта…» тақырыбындағы алғашқы күнде кітаптың оқу мен ағартудың, рухани дамудың қайнар көзі ретіндегі мәнін айқындауға бағытталған. Өңірлерде кітап фестивальдары, ашық есік күндері, жәрмеңкелер, кітап оқу марафондары, сондай-ақ бас­палар мен кітап дүкендері бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізді. Екінші күн жергілікті авторларды және өлкетану әдебиетін танытуға арналады. Ал «Weekend. Book. Vibes» күнінде оқу уақыты, әдеби кафе, оқу/кітап мәзірі (арнайы тізім), кітап оқу алаңдары, талқы like, таза ауада кітап оқу, рөлдік оқу, кітап туралы фильм­дер көру, кітап клубтарының іс-шаралары мен балаларға арналған танымдық жобалар өтеді.

Бағдарламаның әр атаулы күнінде кітапхана­ларда келушілерге тақырыптық көрмелер, таныстырылымдар мен түрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, кітапқа деген қызығушылықты арт­тыруға, оның қоғам­дағы орнын нығайтуға ерекше мән беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

Мәселе • Бүгін, 08:58

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Сана тазармай, дала тазармайды

Қоғам • Бүгін, 08:38

Қажымұқан туралы тұңғыш драма

Театр • Бүгін, 08:35

Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер

Қоғам • Бүгін, 08:33

Нейрохирургия: бүгіні мен болашағы

Медицина • Бүгін, 08:30

Тайм-менеджмент және талапты студент

Жастар • Бүгін, 08:27

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью