Кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды

09.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жиынға Оқу-ағарту ми­нистрі Жұлдыз Сүлей­менова, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қатысу­шылардың баянда­ма­лары тыңдалды. Мәдениет және ақ­парат вице-министрі Рустам Әли кешенді жос­пардың негізгі бағыттарын таныстыр­ды. Құжат кітапхана ісін дамыту, оқу мәде­ниетін ілгерілету және заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру шараларын қамтиды.

Кешенді жоспар 9 негізгі бағыттан тұрып, 50-ге жуық іс-шараны көздейді. Олардың қатарында кітап саласын құқық­тық тұрғыдан жетілдіру мәселесі де бар.

Ведомство мәліметінше, бүгінде елде 3 887 көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Олардың жалпы кітап қоры 72,5 миллионнан асады. 2025 жылы кітапханаларға келушілер саны 57 миллионнан асып, рекордтық көрсеткішке жетті.

Биыл 4 кітапхана жаңғыр­тылып, 6 жаңа кітапхана ашылды. Жыл соңына дейін тағы 24 кітапхананы жаңғырту жоспарланған.

Аида Балаева кітапханалар қызметіне жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды. Талдау барысында инфрақұрылымның жай-күйі, кітап қорымен қамтамасыз етілу деңгейі және оқырман сұранысы ескерілуге тиіс. Нәтижесінде, әсіресе балалар мен жас­тар әдебиеті бойынша тапшылықтарды анықтап, кітапхана қорын толықтыруға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу қажет.

Балалар мен жастар арасында оқу мәде­ниетін дамыту бағы­тындағы жұмыстар туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлей­менова баяндады. Министрлік оқушы­лардың көркем әдебиетке қолжетім­ділігін арттыру мақ­сатында «Бала­лар кітапханасы» және «Оқыр­ман» платформаларын іске қосты.

Сонымен қатар білім ұйым­дарында оқырман клуб­тарының жұмысын дамыту көзделген. Осы негізде «Кітап оқитын мектеп» бірыңғай моделі енгізіліп, «Бірге оқиық» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба аясында ата-аналар мен педагогтердің үлгісі арқылы балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру жоспарланған.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова студент жастар арасында кітап оқу мәде­ниетін дамыту бағы­тындағы жұмыстарды таныс­тырды. Бұл ретте жоғары оқу орындары­ның кітапха­наларын жаң­ғырту және сту­денттік оқыр­ман клубтарының жұ­мысын жандандыру мәсе­лелеріне басымдық берілмек.

Кеңес қорытындысын­да Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігіне салалық әдебиет­термен қамтамасыз ету дең­гейіне талдау жүргізу және педагог кадрларды даярлау­да қолданылатын оқу материал­дарының мазмұнын зерделеу тапсырылды.

Сондай-ақ Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне қарасты ұйымдардың кітап­хана қорларына талдау жүргізу міндеті жүктелді. Әскери бөлімдер мен ведомство­лық мекемелерді заманауи әрі мазмұн­ды әдебиеттермен қамтамасыз ету қажет­тігі атап өтілді. Талдау нәтижелері бойынша кітапхана қорларын жаңарту және толық­тыру жөнінде нақты ұсыныстар әзірленбек. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью