Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру үшін Ұлттық сыйлық тағайындау саланы дамытады деп сенемін Ғазиза Құдайберген

16.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Осыған орай, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген өз пікірін білдірді.

Ғазиза Құдайбергеннің айтуынша, кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлық нәтижелі болуына қоғам болып атсалысу қажет.

«Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа Заңының жобасын әзірлеу мен кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындау сынды шаралар саланың дамуына алып келеді деп сенеміз. Сонымен қатар, Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру да оқырмандар үшін ең керек шешімдер деп есептейміз. 

Нәтижелі болуына, іске асуына қызмет етеміз! Және оған күллі ел мүдделі деп ойлаймын, - деп өз ойын айтты Ғ. Құдайберген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью