Кітап ұлт жады: Тоқаев бастамасымен жаңғырған кітапханалар және оқырман қоғам қалыптастыру жолы

03.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Интернет дамып, ақпараттың жылдамдығы мен көптігінен бас көтере алмай жатқан қазіргі қоғам, қазіргі жас буын үшін том-том кітап оқып отыру іш пыстырарлық, өнімсіз жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ «кітап – білім бұлағы, білім – өмір шығарығы» демекші, дәстүрлі кітап оқу интеллектінің дамуына ең қажетті құрал-әдіс екені ғылыммен дәлелденіп отыр.

Осы ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемелері мен баяндамаларында, сұқбаттарында кітап оқу туралы жиі айтатынын еске салған жөн болар. Ол кітап оқитын ұрпақ тәрбиелеп өсірудің маңыздылығы қаншалықты екеніне үнемі баса назар аударады. Жаппай кітап оқу бүтін ұлттың мәдениетіне айналуы қажет деп есептейді Президент. Ол тәуелсіздік алған жылдары мемлекетімізде өте көп кітап қоры жоғалып, мыңдаған кітапханалардың жабылғанына қынжылыс білдіреді. Сондықтан да соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Мысалы еліміздің ең ірі қалалары Алматы мен Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана салынбақ. Бұл кітапханалар Тоқаевтің жеке тапсырмасы бойынша жүзеге асады.

«Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды», - деп ескерткен болатын Президент Тоқаев алдыңғы 2024 жылы өткен Ұлттық Құрылтайда. 

Президентіміздің өзі де Қазақстаннан бөлек, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы сияқты білім негізі мықты қаланған елдерде оқып, білімін дамытқан. Оның түрлі елдерде білім алып, әр елдің кітапханаларын салыстырып, өз сөзінде мысал келтіруі тегін емес. Қазірде еліміздің бірқатар кітапханалары заман талабына сай жаңғыртылып, оқырманға барлық жағдай жасалған заманауи көрініске ие болған. 

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жалпы қолжетімді кітапханалар желісі 3 883 кітапханаға жетті, олардың кітап қоры – 72 283 946 дана, пайдаланушылар саны 3 292 226 адам болды. Республика бойынша кітапханаларға оқырмандардың келу саны – 51 921 261.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью