Кітап және жасанды интеллектінің берері мол

24.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқудың маңызын заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен ұштастыру арқылы әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, жас ұрпақтың танымдық қызығушылығын арттыру және жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі тиімді қолдану мәдениетін қалыптастыру.

Дөңгелек үстелді журналист, веломарафоншы Ернат Рахметолла жүргізді. Модератор қатысушыларды еркін пікір алмасуға шақырып, кітап пен цифрлық технологияның үйлесімді дамуы туралы өзекті ойлар қозғады.

Кітапхана басшысының орынбасары Айтоты Жакупова кітапхананың электронды ресурстары туралы кеңінен ақпарат берді. Әсіресе, Kazneb ұлттық электронды кітапхана қорының мүмкіндіктеріне тоқталып, цифрлық қордың оқырман үшін қолжетімділігі мен артықшылықтарын атап өтті.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью