Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Отырыстың ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова және Ұлттық кітапхана директоры, Қазақстан Кітапханалар одағының төрағасы Ғазиза Нұрғалиева құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ жиында Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру, «Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісі және кітап басып шығару туралы» заң жобасын әзірлеу, «Жылдың үздік 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру, оқу мәдениетін дамыту саласындағы Ұлттық сыйлықты тағайындау және 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын әзірлеу секілді кітапхана саласын дамытуға бағытталған бес стратегиялық бастама таныстырылды.
Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды
Айта кетейік, көшпелі отырыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру тетіктерін талқылау және кітапхана ісін жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған бастамаларды айқындау мақсатында өткізілді.
Диана ӘДІЛХАН