Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті

18.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңдарда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандағы Конгресс-холл ғимаратында ұйымдастырылған кездесуге мыңнан астам адам қатысты. Ашық әрі мазмұнды әңгіме барысында қатысушылар өз пікірлерін еркін бөлісіп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Жұртшылық Ата заңның ел болашағы үшін маңызы, тарихи дәстүрлер сабақтастығы, қоғамның топтасуы мен елдің дамуындағы рухани құндылықтардың алатын орны туралы айтты.

Коалиция мүшесі Жақсыбек Құлекеев жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңыздылығына назар аударды.

«Қасым ханның «Қасқа жолы» және Есім ханның «Ескі жолы» заңдар жинағы қазақ халқы тарихындағы алғашқы заңдар. Яғни, алғашқы конституциялық нормалар болды. Олар дәл осы жерде, Түркістанда жасалған. Кейін Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» заңдар жинағы қабылданды. Түркістан тұрғындарына бұл сөздерді түсіндірудің қажеті жоқ. Үш ұлы би – Төле би, Әйтеке би және Қазыбек би дәл осы жерде жиналып, сол заңды қабылдады. Бұл заң халық бірлігін және Қазақ хандығын сақтаудың негізі болып, өз заманының ең прогрессивті құқықтық құжаттарының бірі саналды. Егер тарихқа мұқият қарасақ, қазақ халқы тарихындағы ең маңызды құқықтық нормалардың көпшілігі дәл осы топырақта қабылданғанын байқаймыз», деді ол.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлемнің көптеген елінде демографиялық проблемалар, құндылықтар дағдарысы туындап отырғанына тоқталды. Ол бүгінгі таңда жастар тәрбиесінде цифрлы платформалардың ықпалы артып келе жатқандықтан, Ата заңымызда  адам капиталын қалыптастыруға, ғылым мен инновацияны дамытуға және отбасы қолдау көрсетуге ерекше орын берілгеніне мән берді.

Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев 2023 жылы Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысының «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналғанына тоқталды. Осы адал еңбек, адамгершілік құндылықтары және патриотизм қағидалары бүгінгі жаңа Конституция жобасына еніп отыр.

«Дара Ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Рухабза Қалдарбек Конституция жобасындағы ата-ананың жауапкершілігі туралы нормаға назар аударды. Ол кейде балалардың жауапсыздығының артында жауапсыз ата-аналар тұратынына тоқталды. Конституция арқылы балаға қамқорлық жасау мен тәрбие беруді ата-ананың міндеті ретінде бекіту – балаларды қорғаудың маңызды кепілі болып, көптеген әлеуметтік проблеманың алдын алуға көмектесетінін айтты.

Кәсіпкер Ербол Көкенов жаңа Конституция жобасымен мұқият танысып, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормаларды ерекше қолдағанын айтты. Ол Түркістан қаласында ашылған инклюзивтік театрды, онда мүгедектігі бар балалар үлкен сахнада өнер көрсете алғанын мысалға келтірді. Сонымен қатар Ата заңда бекітілген тең мүмкіндіктер кепілдіктері нағыз әділ әрі адамгершілікке негізделген қоғам құруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Одан әрі Коалиция мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысты. Түркістан облысы еліміздегі ең көпұлтты өңірлердің бірі, мұнда 50 этнос өкілдері тұрады. Сондықтан жергілікті тұрғындар тыныштық пен татулықты ерекше бағалайды. Коалиция мүшелері жаңа Конституцияда біртұтас Қазақстан  халқы ұғымы қамтылғанын, ол этникалық тегіне қарамай, барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Бұл елімізде этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үлкен қадам. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ассамблеяның рөлін трансформациялап, Халық Кеңесін құру – азаматтардың мемлекеттік істерге араласуын кеңейтетін, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосатын маңызды жүйелі шешім екенін атап өтті.

«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті

Сондай-ақ Коалиция мүшелері локомотив депосының теміржолшыларымен кездесті. Әңгіме тұрақты жұмыс, қауіпсіздік және еңбек адамына деген құрметтің мән-маңызына арналды. Осындай мамандар күн сайын экономиканың негізгі салаларының толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Содан кейін делегация мүшелері «Шаға» индустриялық паркінің жұмысымен танысты. Кәсіпорындар алаңында жұмысшылармен және мамандармен кездесу өтіп, өнеркәсіптің дамуы, кәсіпкерлік және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды

Осы күні Коалиция мүшелері Шаға ауылының халқымен де жүздесті. Әңгіме барысында тұрғындар алдағы референдум туралы пікірлерімен бөлісіп, ауылды дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді.

Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы 12 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300-ге тарта қоғамдық ұйым кірді. Олар шамамен 5 миллион Қазақстан азаматын біріктіреді.

Соңғы жаңалықтар

Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті

Ата заң • Бүгін, 17:45

Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:22

«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті

Ата заң • Бүгін, 17:10

SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды

Қазақстан • Бүгін, 17:04

Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан

Банк • Бүгін, 16:52

Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?

Дін • Бүгін, 16:33

Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді

Сауда • Бүгін, 16:23

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Руханият • Бүгін, 15:59

Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді

Аймақтар • Бүгін, 15:57

Петропавлда оқушы үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті

Оқиға • Бүгін, 15:43

Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады

Қысқы спорт • Бүгін, 15:34

Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті

Ата заң • Бүгін, 15:20

Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?

Руханият • Бүгін, 15:05

Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді

Медицина • Бүгін, 14:42

Нағыз өнердің дәуірі енді басталады

Әдебиет • Бүгін, 14:33

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью