Кофені ұйықтар алдында ішпегеннің өзінде ұйқы бұзылуы мүмкін ғалымдар

24.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ғалымдар кофеиннің ағзаға әсері ішілген мөлшеріне және уақытына байланысты екенін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әсіресе, кофеинді көп тұтыну адамның ұйықтауын қиындатып, түнгі тынығу уақытын қысқартады. 2025 жылы Sleep ғылыми журналында жарияланған зерттеуге 23 ер адам қатысқан. Ғалымдар оларға әртүрлі уақытта 100 және 400 миллиграмм кофеин беріп, ұйқы сапасындағы өзгерістерді бақылаған.

Зерттеу нәтижесінде 400 миллиграмм кофеинді ұйықтардан 12 сағат бұрын қабылдаудың өзі түнгі ұйқыға кері әсер етуі мүмкін екені анықталды. Ал ұйқыға сегіз сағат қалғанда осындай мөлшерде кофеин қабылдаған адамдардың түнде жиі оянатыны байқалған.

Бір қызығы, қатысушылар ұйқысының нашарлағанын әрдайым сезбеген. Яғни адам таңертең өзін жақсы демалғандай сезінгенімен, түнгі ұйқысының ұзақтығы мен сапасы өзгеруі мүмкін. 

Зерттеушілер кофеин мөлшерінің де маңызды екенін атап өтті. Тәжірибе барысында 100 миллиграмм кофеин қабылдаған қатысушылардың ұйқысында айтарлықтай өзгеріс анықталмаған. Ал жоғары мөлшерде қабылданған кофеиннің әсері әлдеқайда күшті болған.

Кофеиннің ұйқыға ықпалы бұған дейін де зерттелген. 2023 жылы жарияланған ғылыми шолуда бірнеше зерттеудің нәтижесі біріктіріліп, кофеин тұтыну адамның жалпы ұйқы уақытын орта есеппен 45 минутқа қысқартатыны анықталған. Сондай-ақ ұйықтап кетуге кететін уақыт ұзарған.

Ғалымдар кофеиннің терең ұйқыға да әсер ететінін байқаған. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, кофеин қабылдаған адамдардың терең ұйқыда өткізетін уақыты орта есеппен 11 минутқа азайған.

Кофені қай уақытта ішкен дұрыс?

Зерттеушілердің айтуынша, кофеиннің әсерін азайту үшін оның мөлшерін ғана емес, қабылдау уақытын да ескеру қажет.

2023 жылғы ғылыми шолу нәтижесінде құрамында шамамен 107 миллиграмм кофеин бар 250 миллилитр кофені ұйықтардан кемінде тоғыз сағат бұрын ішу ұсынылған. Бұл кофеиннің түнгі ұйқыға әсерін азайтуға көмектесуі мүмкін. Дегенмен кофеинге сезімталдық әр адамда әртүрлі. Кейбір адамдар түстен кейін ішкен кофеден соң да ұйықтай алмай қиналса, басқалары мұндай өзгерісті байқамауы мүмкін.

Ғалымдар кофеиннің әсерін бағалағанда адамның жасын, күнделікті тұтынатын мөлшерін және ұйқы тәртібін ескеру қажет екенін айтады. Осылайша, кофенің ұйқыға әсері оны кешке ішу-ішпеумен ғана шектелмейді. Күндіз қабылданған кофеиннің де әсері түнге дейін сақталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью