Көгерген нан да қажетке жарайды

05.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Осы күні иістеніп кеткен ұн өнімін қоқыс жәшіктеріне іліп кетеміз. Оны дүкеннің дайын тамағына үйренген ит-мысық та жемейді. Обалын ойлайсың... Тарихтың тұңғиығына терең­дегенде өткен ғасырдың 30-жылда­рындағы аштық есіңе түседі. Өткенде «Nature Chemistry» жур­­налынан көгерген нанды керегімізге жарату жолын ұсынған жаңа­лықты оқығанда көңілсіз көрі­ністің шешімі табылған­дай қуандық.

Эдинбург университетінің ғалымдары көгерген наннан өнеркәсіпке отын жасаудың жолын тапты. Аталған жоғары оқу орнының «www.ed.ac.uk» сайтында зерттеушілердің гидрогенизация үдерісінде қазба отынынан алынған сутекті ауыстыру үшін нан қалдықтарын пайдаланатын микробиологиялық формуланы әзірлегені жазылған. Мұнда «E.coli» бактериялары тамақ қалдықтарынан қантты жеп, сутегіні шығарады. Бөлме температурасында катализатордың көмегімен гидрлеу басталады, бұл – азық-түлік, фармацевтика, пластмасса, басқа да күнделікті тауарларды өндіруде кеңінен қолданылатын химиялық реакция. Технология қоқыстарды полигондардан экологиялық таза шикізатқа айналдырады әрі сутегінен арылтады. Қазір ғалымдар әдісті толығымен жасыл технологияға айналдыру мақсатында металл катализаторын ауыстыруға әрекеттеніп жатыр.

Эдинбург университетінің профессоры Стивен Уоллес жаңалық туралы: «Гидрогенизация – қазіргі өндірістің үлкен бөлігінің негізі, бірақ бұл әлі де толығымен дерлік қазба отынынан алынған сутегіге тәуелді. Біз тірі жасушалар қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану арқылы сутегіні тікелей өндіре алатынын, оны көміртегі теріс болатындай етіп жасай алатынын көрсеттік», деді.

Ғылымда ең маңыздысы – іргелі зерттеу арқылы жаңалықтың теориясын, тың технологиясын табу. Ал одан да қажеттісі – дайын технологияны өндіріске сәтті енгізіп, ел игілігіне пайдалану. Біз осының екіншісін жасай алсақ та жаман болмас еді-ау...

Соңғы жаңалықтар

«Ұзын» ақша, токенизация және бірыңғай нарық – KASE көзқарасы

Қаржы • Кеше

Ораз Жандосов: Либералданбаған нарықтар мен алтынды «айналау» инфляцияны кұшейтіп жібереді

Қаржы • Кеше

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

Ауа райы • Кеше

Түркия билігі Араб елдеріне әуе рейстерін тоқтатты

Әлем • Кеше

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

Саясат • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Шиеленіс аймақтарынан 946 отандасымыз шығарылды

Әлем • Кеше

Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі

Ата заң • Кеше

Ақмола облысында газ баллондарын тексеру жұмыстары күшейді

Аймақтар • Кеше

Түркия өз әуесінде Ираннан ұшырылған зымыранды жойды

Әлем • Кеше

Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады

Ата заң • Кеше

«SARAP» отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды

Ата заң • Кеше

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды

Ауа райы • Кеше

Астаналық оқушы компьютер құрастырды

Технология • Кеше

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Спорт • Кеше

Қор нарығын дамытудың жаңа кезеңі басталады

Қаржы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью