Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қазақ халқының бай мұрасы мен ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын дәстүрлі "Көкмайса – даланың тірі тарихы" этнофестивалі басталды, деп хабарлады облыстық әімдік.

Өңірде бір мезетте 35 киіз үй тігіліп, 15 мыңға жуық қонақ жиналды.

© Photo : Ұлытау облысының әкімдігі"Көкмайса" этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

"Көкмайса" этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

© Photo : Ұлытау облысының әкімдігі

"Фестивальдің ең әсерлі сәттерінің бірі – бір мезетте 500 биенің сауылуы болды. Бұл көрініс ұлттық дәстүрдің өміршеңдігін айшықтап, жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қазақ халқының көне "Қымызмұрындық" дәстүрі сахналанып, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Қонақтар мен көрермендерге жаңа сауылған қымыз ұсынылып, ұлттық ойындар мен дәстүрлі өнер көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында еліміздің әр өңірінен келген этноауылдар ұйымдастырылып, киіз үйлер көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүр көріністерін тамашалады және қолөнер шеберлерінің туындыларын көрді.

© Photo : Ұлытау облысының әкімдігі"Көкмайса" этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

"Көкмайса" этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

© Photo : Ұлытау облысының әкімдігі

Фестиваль аясында ұлттық спорт түрлерінен де тартысты жарыстар өтті. Қонақтар көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, асық ату, жілік сындыру, қошқар көтеру және арқан тартыс секілді ұлттық ойындардың қызығына куә болды, дейді әкімдікте.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью