Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұған байланысты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
— Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданының Алғабас ауылында кент тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған. Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.
Департаменттің баспасөз қызметі автокөлік жүргізушісінің полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.
— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаға қатысқан барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Естеріңізге саламыз, кез келген спорттық-бұқаралық немесе мәдени-бұқаралық іс-шара өткізген кезде уәкілетті органдарды алдын ала хабардар ету қажет. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін ұйымдастырушы тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде оқушыны жасөспірімдер жабылып ұрған оқиға бейнекамераға түсіп қалған болатын.