Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
А тобында үш ойында да жеңіске жетіп, 27 сауын салған Қазақстан құрамасы көш бастады. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынмен жартылай финалға шықты.
В тобында қарсыластарына бірде-бір салым салдырмаған Ауғанстан құрамасы көш бастаса, Ресей құрамасы екінші орынмен үздік төрттік қатарына қосылды.
Ертең 20 наурызда Түркістан атшабарында жартылай финалдық ойындар өтеді. 21 наурызда жүлделі орындар сарапқа салынып, жеңімпаздар анықталады.
Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы, ҚР Көкпар федерациясы, Ұлттық және ат спорты орталығы және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан айтулы жарысқа 9 елдің құрама командалар қатысып жатыр. Олар: Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан.
Айта кетсек, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен еді. Араға тоғыз жыл салып киелі Түркістанда қайта жалауын желбіретті.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ресми бағдарламасына қазақтың көкпары енді.