Көкше көшетімен көрікті

08.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд көшет отырғызу туралы тапсырмасын орындау барысында өңірде қыруар жұмыс атқарылып жатыр.

Көкшетау десе, көз алдыңызға көк­мұнар сағымға бөленген көгілдір таулар, тау етегінен ұшар басына дейін ұйыса өскен мәңгі жасыл қарағайлар мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, жасыл жапырақтары ақша бұлтты аймалаған зәулім теректер елес­тейтіні сөзсіз. Ел байлығы есе­бін­дегі орман қорын сақтау, көле­мін көбейту, шып-шырғасын шығармай келесі ұрпаққа мұра етіп табыстаймыз десек, жыл сайын орман қорын көшет егу арқылы молайтып отырған ләзім. Орманның орасан пайдасы туралы тәптіштеп айтып жатудың өзі артық. Оны оқырман қауым өте жақсы біледі. Дертке дауа, бір жұтсаң, көкірегіңіз тазарып, көңіліңіз көтерілетін Көкшенің саф ауасы осы орманның арқа­сында мөлдірленіп, шаң-тозаң­нан арылып, елге көп-көрім қуаныш сыйлап тұр. Өңірде 2021–2027 жылдары 150 млн дана көшет егу жоспарланған. Көшет әдетте ерте көктем мен қоңыр күзде егіледі. Негізі­нен қарағайдың бірнеше түрі, қайың тәрізді тез жерсінетін, көге­­ріп қаулап өсетін ағаш түрлері таңдалады.

Кейінгі бес жылға екшеліп, бөлініп жасалған жоспар тегеу­рінді жұмыстың арқасында то­лығымен орындалған. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері өңірдегі орман қорын молайтуға бағыт алған. Осы орайдағы ілкімді шаруаны сәл таратып айтсақ, 2026–2027 жылдары 13 мың га алқапқа 77 млн көшет отырғызу жоспарла­нып отыр. Қыруар істі тап-тұйнақтай етіп атқаруға материалдық-техни­калық базасы мығым тәлім­бақтардың керек екені белгілі. Өңірде 11 тәлімбақ жұмыс істейді. Жалпы көлемі 189,7 гектарды құрайтын алқабы бар. Оның ішінде 57 га алқапқа ие Ақкөл, 50 га алқапқа көшет отырғызатын Кіші Түкті, 23 гектарға болашақ орман несібесін үміт­пен көктетіп отырған Марал­ды тәрізді тәлімбақтар бар. Үлкен Түкті, Бұқпа, Кеңес, Краснобор, Куйбышев, Отрадный, Степ­ногор, Ұрымқай тәрізді сегіз уа­қытша тәлімбақ та бұл бағыт­тағы шар­уаға мол үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта Бұқпа орман шаруашылығының тәлімбағы кеңейтілмекші, 61 гектарды құрайтын алқап дайындалып жатыр. Жаңа тұрақты тәлімбақтың құрылысы жүр­гізіліп жатыр.

Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы кең көсілген алқап табиғи байлығымен әйгілі. Осы бір қазынаны көздің қарашығындай сақтап, өрісін кеңейтіп, өнімін молайту мақсатында мемлекеттік орман шаруашылығының еңбек­керлері қажырлы еңбек етіп жүр. Алдымен орман қорын кірпік ілмей күзетіп келе жатқан жанашыр жандардың табанды еңбегін ерекше бір ілтипат сезіммен айта кеткен ләзім. Олардың жұмыс жүктемесі де жеңіл емес. Жалпы, өңірдегі орман қоры 405,1 мың га алқапты құрайды. Оның 235,1 мың гектары – орман қоры. Осыншама кеңістікте 488 адам жұмыс істейді.

Облыс әкімдігі мемлекеттік орман шаруашылығы ұжым­д­арының материалдық-техни­калық базасын жақсартуға жер­гілікті бюджеттен қомақты қа­ра­жат бөліп отырады. Нақ­ты­­лап айта кететін болсақ, 2024 жылы облыстық бюджет­тен 200 млн теңге қаражат бө­лі­­ніп, орман өртінің алдын алу­ға қажетті кешендер сатып алын­­ды. Өткен жылы да бұл жұмыс жалғасын тапты. Орман шаруашылықтарына 31 дана шағын кешен мен 30 трактор алынды. Ақкөл, Бұқпа, Кеңес, Краснобор, Куйбышев орман шаруашылықтарына орманда өрт орын алса, жедел хабар беретін құрылғылар орнатылды. Сондай-ақ 20 бейнекамерамен қамтамасыз етілді. Бұл камералар жалпы алқаптың 50%-ын қадағалай  алады. 128 мың га орман алқабы бар Ақкөл ауданының аумағы тұтас бақыланады. 72 мың га орман алқабына ие Зеренді ауданы да тегіс бейнебақылау камераларының арқасында қада­ғаланады. Өткен жылы Бұқпа орман шаруашылығына екінші типті орманды өрттен қадағалау стансасы орнатылды. Таяуда бірнеше өрт сөндіретін машина табыс етілді.

Жыл сайын көгертіп көшет егіп, қолда бар орманның мұртын бұз­бай қадағалап, жас баладай мә­пелеп күтіп отырғанымен, өңір­дегі жалпы алқаптың 2,6%-ында ғана орман бар. Алдағы уақытта осы ел байлығын молайта түсу міндеті тұр. Ақмолалық орман шаруашылығы еңбеккерлері осы бір асқаралы міндеттің үде­сінен шығу жолында аянбай еңбек ете береді.

Ақмола облысы 

Соңғы жаңалықтар

Майталман маман, тәжірибелі тәлімгер

Еңбек • Бүгін, 08:17

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

Технология • Бүгін, 08:15

Халыққа жылу сыйлаған

Еңбек • Бүгін, 08:12

Апатты баспаналар азаймай тұр

Қоғам • Бүгін, 08:10

Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді

Экономика • Бүгін, 08:07

Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы

Ата заң • Бүгін, 08:05

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Инфляция • Бүгін, 08:03

Туристік нысандардың дайындығы тексерілді

Туризм • Бүгін, 08:00

Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Саясат • Бүгін, 07:58

Ағаш өндірісіндегі игі бастама

Өндіріс • Бүгін, 07:55

Мемлекеттік билік тарихы туралы анықтамалық

Саясат • Бүгін, 07:53

Көмір саласы кешенді дамуға бет алды

Саясат • Бүгін, 07:50

Жер берудегі заманауи формат

Саясат • Бүгін, 07:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді құптайды

Президент • Бүгін, 07:47

Фокус, команда және нәтиже

Саясат • Бүгін, 07:45

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью