Көкшетау әуежайының иесі ауысады

27.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Көкшетау әуежайының иесі ауысады. Tengri Travel мән-жайды анықтады.

Көкшетау әуежайының иесі ауысады. Tengri Travel мән-жайды анықтады.

Толығырақ

Көкшетау қалалық әуежайы әлі де "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ филиалы болып табылады. Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұған дейін Көкшетау әуежайы Астана әкімдігінің коммуналдық меншігінде екенін нақтылаған болатын.

"Қазіргі уақытта филиалды Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру процедурасы жүріп жатыр. Осыған байланысты даму стратегиясына, инфрақұрылымды жаңғыртуға, маршруттық саясатқа, әуекомпанияларын тартуға және қаржылық модельге қатысты мәселелер уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен пысықталып жатыр" - деп хабарлады Астана әуежайы.

Өңір әкімдігі не дейді?

Кейбір мәліметтерді нақтылау үшін Ақмола облысының әкімдігіне хабарластық.

"Көкшетау әуежайын Ақмола облысының коммуналдық меншігіне өткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ әзірге Көкшетау әуежайы Астананың қарамағында", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әуежайды жаңа иесіне өткізу мерзімі әзірге нақтыланбаған.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті Көкшетау әуежайы тек 3 ішкі бағыт бойынша — Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларына қызмет көрсететінін хабарлаған болатын. Халықаралық рейстер жоқ.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді

31 наурыз 16:22 1

Сәуірдің аяғындағы жағдай бойынша әлі де тек осы үш рейс орындалып жатыр.

Скриншот: Instagram/Көкшетау әуежайы

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью