Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
— Конституция — бұл тек Негізгі заң ғана емес. Бұл Тәуелсіздігіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бұл — Қазақстанның болашағы қандай болатынын айқындайтын құжат. Әр адамның дауысы — біздің азаматтық ұстанымымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Біз таңдаған жолымыз арқылы мемлекетіміздің қандай болатыны анықталады, балаларымыз бен немерелеріміздің қандай елде өмір сүретіні соған байланысты. Сондықтан ешкім бейқам қалмауы керек, — деп атап көрсетті Марат Ахметжанов.
Ардагерлер пікір алмасуға белсенді қатысты, өз көзқарастарымен бөлісті және референдум өткізуді қолдады, өз ойларын білдірудің қажеттілігін атап өтті.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі— Ақмолалықтар әрдайым жоғары азаматтық жауапкершілігімен және бірліктігімен ерекшеленген. Біздің өңір — тұрақтылықты, дамуды және қоғамдық келісімді бағалайтын белсенді өмір ұстанымы бар еңбек адамдары. Біз өмірімізді, барлық білімімізді қалалар мен ауылдардың дамуына арнадық, сондықтан елімізде осындай ауқымды саяси оқиғалар болып жатқанда бейқам қалу мүмкін емес, — деді Абай Мырзахметов атындағы университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Дүсенбаев.
Кездесудің соңында әкім ардагерлерге белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың референдумдағы қатысуы жастар мен облыс орталығы тұрғындары үшін үлгі болатынына сенім білдірді.